Мазмұнға өту
· 110 қаралым

Жылу үшін өткен айдан екі есе көп төлеген елордалықтар шу шығарды

Нұр-Сұлтанда жылу бағасы қымбаттаған. Әлеуметтік желі қолданушылары үйдегі температураны бақылайтын компания өз қызметтері үшін қомақты сомалы түбіртек жебіргенін жарыса жазуда. Бірі, жылу тарифі екі есе қымбаттады десе, өзгесі неліктен қызмет бағасы шарықтағанын түсінбейтінін келтірген. Бірақ, көпшіліктің назынан кейін елордадағы «Энергосбыт» және «Астана Теплотранзит» тарифтің қымбаттауын түсіндірді. Олардың пайымынша, квитанциядағы сандардың ұлғаюына ауа температурасының төмендеуі сеп болған.

← Барлық жаңалықтар