Қызылордалық Әлішер Қадірханнің тұла бойындағы бір қабат терісі газ жарылғаннан күлдіреп түсіп қалыпты. Қазалы аудандық ауруханасында алғашқы ем алған оны Сыр өңірінің ақ халаттылары жедел жәрдеммен Шымкентке жеткізіп, әріптестеріне аманаттап кетіпті. Екі ай бой тыңғылықты ем қабылдаған пациент жуырда үйіне оралды.