Наурыз мерекесі 10 күн бойы тойлануы мүмкін. Ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында Наурыз мейрамын атап өтудің жаңа тұжырымдамасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, Ұлыстың ұлы күнін наурыз айының 14-і мен 23-і аралығында мерекелеу ұсынылған. Концепцияда әр күнге атау берілген.