Мазмұнға өту
· 240 қаралым

Саунадағы сурет үшін полициядағылар жұмысынан кетті

Саунадағы суреттің кесірінен Семей қалалық полиция басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы қызметінен кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады. Бір топ құқық қорғау қызметкерінің саунадағы фотосы күні кеше әлеуметтік желіде пайда болған еді. Автор суреттегі азаматтар Семейдің тәртіп сақшылары екенін атап көрсеткен.

← Барлық жаңалықтар