Бір топ елордалық Президент пен қала әкімінен көмек сұрады. Олар 10 жылдан бері қыруар қаржы құйған баспаналарына кіре алмай жүргендеріне қапалы. «Жағалау-3» тұрғын-үй кешенін үйлі болу үшін 15 миллионнан бастап қаржы құйғандар алдандық дейді. Сондықтан биліктегілерден араша сұрады.