Елімізде ішкілікке салынғандар мен нашақорлар артып барады. Былтыр олардың қатары 30 пайызға ұлғайған. Пандемия кезінде жұмыссыз қалғандар есірткі мен ішімдікті жиі пайдалануды әдетке айналдырыпты. Ең өкініштісі, 12-13 жасынан нашақор атанған балалардың саны көбейіп барады. Мәліметтер құпия сақталатындықтан мұндайлар жеке орталықтарға көптеп жүгінеді екен.