Әруақтарға да тыныштық жоқ! Тараздағы Тастақ ауданының тұрғындары сол маңдағы қорымның аумағына көз тіккен кәсіпкердің тірлігіне наразы. Бизнесмен бейіттерді трактормен сүріп, ол жерге құрылыс жүргізбекші екен. Ағайын-туысының мәңгілік мекеніне айналған аумаққа қол салу ақылға сыймайтын әрекет дейді жұрт.