Қазақстан халқы қартайып барады. Статистикаға сенсек, елміздің сегіз өңірінде қартаю процесі қарқынды жүруде. Онда жастарды үлесі тым аз дейді сарапшылар. Әлемдегі жағдай да көңіл көншітпейді. Мәселен, БҰҰ-ның зерттеуінше, алдағы отыз жылда егде жастағы азаматтардың қатары екі есе артып, 2050 жылы олардың саны 1,5 миллиардқа жетеді.