Елімізде вакцина салдырғандар саны 700 мыңға таяды. Оның 120 мыңға жуығы екпенің екінші дозасын қабылдағандар. Мамандар вирусқа қарсы иммунитет екі жылға дейін жетеді деп болжауда. Осы күндері Алматы мен Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарында арнайы орындар ашылып, екпе салдырғандар қатары күрт көбейді. Мамандар тұрғындарды таңғы сағат 10-нан кешкі 22:00 аралығында қабылдайды.