Грузияда жұмбақ жағдайда көз жұмған Әсел Айтпаеваны күдікті көлікке айырбастаған болуы мүмкін. Марқұмның анасы осындай мәлімдеме жасады. Қызынан айырылған Айсұлу Айтбаева қызының өз-өзіне қол салғанына да сенбейді. Грузияға жұмыс істеуге кетіп, бір жетіден кейін 8-ші қабаттан құлаған қайғылы оқиғаға қатысты тың ақпараттар анықталуда.