Бір сағаттық әке! Елімізде ұл тәрбиелеп жатқан жалғызбасты әйелдер тарапынан осындай қызмет түріне сұраныс артқан. Олар, баласын нағыз ер азамат етіп тәрбиелеу үшін өмірлік тәжірибесімен, білген-түйгенімен бөлісіп, ақыл-кеңесін аямайтын ер адамдарға көбірек жүгінетін болған. Ал әлеуметтанушылар соңғы жылдары осындай моно-отбасылардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Ал мұндай тәлім-тәрбиенің болашақ ұрпаққа зияны бар ма?