Ақтөбе облысындағы атышулы Бестамақ ауылының тұрғындары тағы да наразылыққа шықты. Бұған дейін шошқа фермасына шағым айтқан жұрт енді экологтардан көмек сұрайды. Мәселе тез арада шешілмесе, таза ауа мен өзен-көлден жұрдай, дімкәс ұрпақ жайлаған аймаққа айналамыз дейді. Ауыл халқы неге дүрліккенін Ақбаян Сұлтанмұратова біліп келген еді.