«Қолға алған шара хайп үшін емес». Батыс өңірінде көтерем болған төрт түлікке шөп жинап жатқан түркістандық Құрмет Талапқазы осылай дейді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, оның қасына еліміздің түкпір-түкпірінен ерікті жастар келіп қосылып жатыр. Ондағы мақсат — уақыт оздырмай, қуаңшылыққа тап болған аймақтардағы ағайындарға шөпті ертерек жөнелту. Игі шара туралы тілші толықтырады.