Әйелі көзіне шөп салған жігіт асылып қалды. Оқиға Жамбыл облысы, Жуалы ауданында болған. Ауылдағы мектепте күйеуімен бірге еңбек ететін келіншек сол оқу ордасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жақын қарым-қатынаста болған екен. Мұны бірінші болып дәл сол мектептеұстаздық ететін енесі біліп қойған. Бірте-бірте бұл жағдай жайлы бүкіл ауыл естіген. Жарының мұндай қылығына намыстанған күйеуі өз-өзіне қол жұмсапты.