Шымкентте лицензиясынан айрылған университеттің студенттері шу шығарды. Магистратураны бітірген 300-ден астам түлек қолдарына дипломдарын ала алмай әбден сергелдеңге түскен. Ал, жоғарғы оқу орынының басшылығы мәселені шешуге мүлдем ынтасыз, дейді. Ал, оқу ордасының педагогтары ақша жинауға келгенде алдарына жан салмайтынын айтып ашынады. Тараптардың тартысын Ғалымжан Кенжебек тыңдап қайтты.