Көпке үміт сыйлаған жолдаудың басты жаңалығынан бастайық. Келер жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы 17 мың теңгеге артады. Яғни 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеріледі. Халыққа жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы билік органдарына осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, 2022 жылы 600 мыңға жуық отандасымыздың айлығы 20 процентке артады. Бұл тізімде қандай мамандық иесі бар? Зейнетақы төлемдерін енді депозитке аударуға болатыны рас па? Арғысын әріптесім тарқатсын.