Маңғыстау өңірінде төрт түлік әлі де қырылып жатыр. Аман қалған мал басын асыраудың өзі шаруаларға оңайға түспеуде. Жылда 1000 теңгеге саудаланып жүрген жемнің бағасы қазір 2000-ның үстіне шарықтап кеткен. «Ал Үкіметтен түскен тиын-тебенге алған азық небары 1 айға зорға жетеді», – дейді тұрғындар. Аймақтағы ахуал қашан оңалады? Жасанды жаңбыр жауғызудың машақаты қандай? Тілшіміз сабақтайды.