Мазмұнға өту
· 52 қаралым

Былыққа батқан білім ордасы

Былыққа батқан білім ордасы! Түркістан облысы, Келес ауданының оқушылары әжетханада білім алып жүр. Себебі, Алпамыс ауыл округіндегі 600 балаға шақталған білім ордасында қазір 1000-ға жуық оқушы оқиды. Кей кездері сынып таппай сандалған мұғалімдер акт залында балаларды оқытуға тура мәжбүр болады екен. Осы жағдайға ашуға булыққан тұрғындар әкім-қаралар бізді мүлдем ұмытып кеткен деп ашынады. Амалдап балаларға білім беріп жүрген ұстаздар мен жергілікті қараша халықпен тілші Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.

← Барлық жаңалықтар