Перейти к содержимому

Ғалым Кәлмен

«Басты жаңалықтар» жүргізушісі

1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді.

2007 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің физика-математика факультетін тәмамдады. Кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде PR және қоғаммен байланыс мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында орыс тіліндегі кешкі жаңалықтардың жүргізушісі ретінде бастады.

2012 жылдан бастап республикалық телеарналарда қызмет атқарады. Әр жылдары «Qazaqstan», «Хабар», «Хабар 24» арналарында жұмыс істеді.

Қазіргі таңда «Еуразия» Бірінші арнасында «Басты жаңалықтарды» жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасының және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.