Перейти к содержимому
· 21 просмотр

Президент студенттермен ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» акциясы жер жәннаты Жетісу өңірінде жалғасын тапты. Қонаев университетінің президенті студенттермен бірлесіп, 100-ге жуық түп ағаш отырғызды. Арасында шырша, қарағаш пен қарағайдың түр-түрі бар. Енді ел-жұрт асыға келетін демалыс орнында сая болатын, жайқалып өсетін көшеттердің саны көбейді.

ӨМІРӘЛІ ЖАЛАЙРИ, УНИВЕРСИТЕТ ПРЕЗИДЕНТІ:

Өскеменнен, Текеліден басқа жерден осындай көшеттер сатып алдық. Елка, дуб деген. Олардың бәрін, бұйырса, отырғызамыз. «Таза Қазақстан» жастарға не үйретеді? Әр нәрсе өзінің отбасынан басталады ғой. Мысалы, өзінің үйінің, одан кейін маңайының тазалығын, одан кейін жалпы көлемде аудан болсын, облыс болсын таза ұстау керек.

Нұрай Құрақбай

← Все новости