Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Президенттің сапары бізге не береді?

Қазақстанның экономикасына 74 миллиард доллардан астам инвестиция құйылады. Бұл Мемлекет басшысының шетелдік сапарлары барысында қол жеткізген көрсеткіші. Былтыр серіктестермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде барлығы 141 коммерциялық құжатқа қол қойылған. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімет келтірді.

Инвестициялық бастамалар қағаз жүзінде қалмай, белсенді түрде іске асып жатыр. Мәселен, отын-энергетика саласында бірқатар өндірістік және технологиялық жобалар қолға алынған. Сондай-ақ, Abu Dhabi Ports Group компаниясымен арадағы уағдаластық еліміздің транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге көтермек. Бұдан бөлек, түрік инвесторларымен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жобаның да тамырына қан жүгіре бастады.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалауынша, еліміздің атаулы жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асып, Қазақстан әлемнің ірі 50 экономикасының қатарына енді. Бұл жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар мен инвестициялық саясаттың тиімділігін көрсетеді. Инвестициялық әлеуетті одан әрі арттыру мақсатында Үкімет пен сыртқы саясат ведомствосы тарапынан кешенді шаралар қабылдануда. Ең алдымен, өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, инвестициялық жобалардың сапалы пулы қалыптастырылып жатыр.

Ведомство қаржы тарту ісі енді цифрлық форматқа көшкенін атап өтті. Бұл ретте Еуразиялық даму банкінің қолдауымен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылған. Жүйе инвестор мен мемлекет арасындағы бюрократияны жойып, әр жобаның іске асу мерзімін бақылауға мүмкіндік бермек.

← Все новости