Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Астанада ерекше флешмоб өтті

Астананың бас алаңы ерекше күйге бөленді. Екі мың бала бір мезетте «Алтын ұя» шығармасын орындап, көпті өнерімен тәнті етті. Музыкалық флешмоб ЭКСПО халықаралық көрме орталығы алаңында ұйымдастырылған.

Оқушылар домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай секілді ұлттық аспаптармен қатар, флейта мен скрипка сияқты классикалық аспаптарды да үйлестіріп, бірге өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, әртүрлі үннің бір арнаға тоғысуы көпұлтты елдің бірлігін бейнелейді.

← Все новости