Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Кәріз суы далаға ағып жатыр

Су үнемдеу демекші, Батыс Қазақстан облысында кәріз суы далаға ағып жатыр. Бәйтерек ауданы Дариян ауылында мүңкіген иістен жергілікті халық тұншығып отыр.

Қоғам белсендісі Алмагүл Иқсанова осы көріністі әлеуметтік желіге жариялаған. Оның айтуынша, тазарту құрылғысы бола тұра, сарқынды су айналаға жайылған. Елді дүрліктірген жағдайдың анық-қанығын білу үшін аудан әкіміне хабарластық.

МАРАТ ТОҒЖАНОВ, БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қытайдың мамандары қазір келді. Соны жөндеп жатыр. Өйткені бірнеше су сорғыштың бәріне үлкен көлемнен асып кеткеннен кейін күш түскен. Соның барлығын қайтадан жөндеп, қалпына келтіріп жатыр. Сондықтан бүгінгі күні қасында тұрған елді мекендерді тоқтатып жатырмыз. Өйткені оның күші келмейді.

← Все новости