Чех сарбазының 100 жыл бұрын жазған кітабы алғаш қазақ тіліне аударылды. Онда ұлтымыздың ХХ ғасырдағы көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, салт-дәстүрі айнытпай жазылған.
Тіпті Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары да таныстырылыпты. Кітаптың авторы Индржих Дворжак қазақ жеріне 1919 жылы әскери тұтқын ретінде айдалып, бес жыл бойы біздің елді зерттеген. Қыста қыстауда, жазда киіз үйде тұратынына таңданысын білдіріп, суреттерін де сақтапты. Әзірге кітап мың данамен шығып отыр.
ДІНМҰХАММЕД БАЙЖҰМА, АУДАРМАШЫ:
Жиырмаға жуық фотосуреттің ішінде Қазақстан жерінің түкпір-түкпіріндегі елді мекендерді, қазақ халқын, қазақтың тұрмысын сипаттайтын суреттермен қатар, бір ерекше сурет сақталған. Ол — қазақ елінің картасы. Біздің шекарамыз Кеңес үкіметі құрылған кезде ғана пайда болды. Бірақ бұл кітап сол түсінікті кәдімгідей өзгертеді. Өйткені бұл кітапта қазақ жерінің 1918 жылғы негізгі шекарасы көрсетілген.