Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаев Чех премьерін Ақордада қарсы алды

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті қабылдап, құрмет қарауылының қатысуымен екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Сапар аясында тараптар саяси-экономикалық ынтымақтастықты нығайту және инвестициялық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады. Сөз соңында Андрей Бабиш қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, еліміздің түрлі салада жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді.

← Все новости