Бүгін Мәжілісте бірқатар маңызды заң жобалары талқыланды. Соның бірі Қазақстан Президенті мен вице-президентінің құқықтық жағдайын айқындауға қатысты. Аталған норма 8 тараудан, 43 баптан тұрады. Заң жобасын таныстырған депутат Снежанна Имашева бұл құжат 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияға сәйкес әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ Парламент Құрылтай мен оның депутаттары жөніндегі құжатты қарады. Атап айтқанда, Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына халық қалаулыларын сайлау мәселесі сөз болды.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Заң жобасы Құрылтайды ұйымдастыру және оның қызметін құқықтық реттеуге, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған. Заң жобасы 12 тараудан және 60 баптан тұрады. Сонымен қатар Парламент регламентінің 32-5-тармағына сәйкес конституциялық заң жобалары бойынша Парламенттің әр палатасы бірлескен комиссия құрамына кандидаттарды сайлап, қосымша баяндамашыны айқындауы қажет.