Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Қуандық Рахым күннің салқынына қарамады

Халықтың қуаты – бірлікте. Ақтөбеде өткен мерекелік концертке қатысушылар оны сахнада өнер тілімен-ақ ұғындырды. Ән шырқалды, би биленді. Күннің салқындығы ақтөбеліктердің мерекелік көңіл күйін түсірмеді. Шат-шадыман жұрт эстрада әншісі Қуандық Рахымның өнерін тамашалады.

Ақтөбені 90-нан астам ұлт өкілі мекен етеді. 17 бірлестік бар. Бәрі ұйымшыл. Қай мерекеде болмасын ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрін дәріптеп жүреді. Бүгін де бәрі қаз-қатар тізіліп, тұрғындарға өз ұлтының тарихы, мәдениеті мен өнерінен хабар беретін дүниелерді таныстырып жатыр. Олар бір ауыздан: «Қазақ жұрты бізді ешқашан бөлектеген емес, біз өзімізді еркін сезінеміз», – деп ағынан жарылды.

ШЕФА АЛЛАХВЕРДИЕВА, «ӘЗІРБАЙЖАНДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Бірлік болған жерде тірлік бар. Қазақ халқы солай айтады. Бірінші мамыр – Бірлік күнімен құттықтаймын. Бір шаңырақта тұрамыз, бір халықпыз. Татулық – бәрі бізде бар.

ЕВГЕНИЯ КАНКУМАШЕВА, «ШАТЛЫК» ТАТАР ЖӘНЕ БАШҚҰРТ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ:

Мейрамымыз құтты болсын! Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Я родилась в Казахстане, в городе Актобе. Мне очень хорошо в своем родном городе. Мне все нравится, открытые, добродушные люди.

← Все новости