Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Төрт жасар қыз жұрттың бәрін таңқалдырды

Түркістан облысында 4 жасар бүлдіршін көпшілікті таңғалдырды. Афшона Абдикаримова есімді «географ қыз» 195 елдің туын жаттап алған.

Афшонаның бұл қызығушылығы үш жасында басталған. Әкесінің айтуынша, ол небәрі бір ай ішінде дүниежүзі елдерінің туларын толық меңгеріп шыққан.

Қазір ол 200-ге жуық елдің мемлекеттік рәміздерін оңай таниды. Бұған әкесінің үйге іліп қойған дүниежүзі картасы себеп болған.

Болашақта Афшона өзі туын жатқа білетін елдерге саяхаттап, туризм саласында Қазақстанның абыройын асқақтатуды армандайды.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости