Өзін Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерімін деп таныстырып, жалғанды жалпағынан басып жүрген. Шымкентте жергілікті компаниялардың бірінің басшысының сеніміне кіріп, 25 млн теңгесін қағып алған алаяқ қолға түсті. Тергеп-тексеру қызметінде танысым жетеді деген қу, медициналық мекемені тексерілетіндер тізімінен алып тастатқызамын деп уәдені үйіп-төгіпті. Жарты жылдан бері шалқып жүрген күдікті ақыры ұсталып, изоляторға қамалды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпараттарды тек ресми дереккөздері арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.