Перейти к содержимому
· 5 просмотров

LRT-ның Қосшыға тартылатын тармағы қарқынды салынып жатыр

LRT құрылысының екінші кезеңі басталды. Қосшыға қарай тартылатын тармақтың алғашқы тірегі құйылып, оның үстіне орнатылатын темірбетоннан жасалған арқалық дайындалды. Жалпы, бұл бағыттағы жолға 300-ден астам бағана және 538 көлденең тірек орнатылмақ. Келешекте LRT Қосшыға ғана емес, ескі теміржол вокзалына дейін де қатынайтын болады. Ал Астанадағы жылжымалы құрамды тестілеу аяқталды. Қазіргі уақытта мамандар оны іске қосу үшін соңғы жұмыстарды пысықтауда. Айта кетейін, LRT-нің жолақысы – 200 теңге. Ал оқушылар мен жеңілдік санатындағы азаматтар арнайы көлік картасын сатып алса болады. Оның құны – 1200 теңге.

← Все новости