Перейти к содержимому
· 18 просмотров

Сыра ішерде абайлаңыз!

Алматыда сыраны заңсыз өндірген цех әшкереленді. Әккілер қала орталығындағы бір ғимараттың жертөлесіне керек-жарақтың бәрін қойып, алкоголь өнімдерін қолдан жасап келген.

Ал ол жерді тінту кезінде жалпы көлемі шамамен 7 мың литр болатын сыра, сондай-ақ шыны ыдыстар мен қажетті шикізат табылған. Құлқынын ойлаған қулардың бұл кәсіппен қашаннан бері айналысып келгені әрі сыраны қайда өткізгені анықталып жатыр.

← Все новости