Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Мәсімовтің қылышы сатылды

Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 миллион теңгеден астам сомаға сатылды.

Болаттан соғылған жәдігердің жүзінде арнайы нөмірі мен өрнектері бар. Сарапшылар оның бастапқы нарықтық құнын 542 мың теңгеге бағалаған.

Алайда сауда барысында баға бірнеше есе өсіп, нәтижесінде лот 1 586 954 теңгеге сатылды. Бұл сомаға қосымша 16 пайыздық салық үстемесі қосылады.

Аукцион алдында сатып алушыларға қаруды тексеру мүмкіндігі берілген.

← Все новости