Перейти к содержимому
· 19 просмотров

Алматы әуежайының президенті халықтан кешірім сұрады

Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады. Ал оның техникалық мәселелерге жауапты аға вице-президенті Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылды. Айта кетейін, екі жыл бұрын ғана қолданысқа берілген әуежай демалыс күндері нөсер жаңбырға төтеп бере алмаған еді. Су нысанның шатырынан ішке қарай шелектеп ағып, тексеру және паспорттық бақылау аймақтарын басып қалды. Тіпті компьютерлерге дейін бүлінген. 220 млн долларға салынған ғимараттың сиқын көрген Көлік министрі шұғыл кеңес өткізіпті. Онда сала басшысы Нұрлан Сауранбаев мұндай сорақылыққа жол беруге болмайды деп ашуға мінген. Ал әуежай президенті дренаж жүйесін жақсартуға қайта қаражат бөлеміз, барлық кемшілікті алты айдың ішінде түзетеміз деп уәде беріпті. Әрі жабық ғимаратта жүріп малмандай су болған халықтан кешірім сұраған.

← Все новости