Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Дәрінің бағасын қолдан қымбаттатып, байыған

32 пәтер, 11 көлік, 8 тұрғын үй. Бұл – дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз өсіріп байығандардың алған мүліктері. Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекетке 3,7 миллиард теңге шығын келтірген «Интерфармсервис» компаниясының былығын әшкереледі. Олар сирек кездесетін созылмалы ауруларға қарсы дәрілерді 5 жыл бойы тасымалдап келген. Препараттарды шетелден шекті бағамен алып, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі өздеріне бағынышты компания арқылы құнын негізсіз өсірген. Қолынан келгесін қонышынан басып, заңсыз пайда табу мақсатында түрлі мәмілелер жасапты. Ол аз десеңіз, мемлекетке 637 миллион теңге салық төлеуден жалтарған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алынған табысқа салық төлеуден жалтару мақсатында серіктестік басшылығы түрлі жеке кәсіпкерлермен жалған мәмілелер жасап, жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қаражатты шығару схемасын ұйымдастырған. Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы, үшінші тұлғаға қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастады.

← Все новости