Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Алакөлдің туристік маусымға дайындығы қандай?

Жаз келсе болды, Алакөлге демалуға асығатын ағайынның қарасы көп. Былтырдың өзінде Жоңғар Алатауының баурайына ем іздеп, тынығуға барғандардың саны 1 миллион 800 мыңнан асқан. Ал аймақ басшылығы биыл бұл межені 2 миллионға жеткізуге бекініп отыр. Алайда қонақ күтуді кәсіп қылған Көктұма мен Ақши жұртшылығының айтар базынасы бар. Соңғы отыз жылда қос ауылдың 600 метрден астам аумағын қызыл су жұтып қойған. Тұрғын үйлер мен туристік нысандардың опырылып түсуі кәсіпкерлерді үлкен шығынға батырыпты. Сондықтан жұртшылық «инфрақұрылымнан бұрын, бірінші кезекте жағаны судан қорғайтын бөгет салынсын» деп отыр. Бұл мәселе биыл өз шешімін таба бастапты. Қазіргі таңда 13 шақырымды қамтитын қорғаныс дамбасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

АСҚАР ЖИЫНБАЕВ, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

Общий объем жұмыстардың атқарылатын 14 шақырым, қазіргі таңда былтырғы кезде 960 метр жасалды, биылдыққа план полный 3,5 км орындау, именно участок Көктұма и Ақши участкада 3 км объем орындау. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл – жағалауды толқыннан қорғайтын жұмыстың басы ғана. Туристер үшін бөгеттен кейінгі ең маңызды мәселе – жағажайдың тазалығы. Бұған дейін демалыс орнындағы қоқыс полигоны мен санитарлық тораптардың жетіспеушілігі дау туғызған еді. Бұл түйткілді жүйелі шешу үшін биыл арнайы коммуналдық мекеме жасақталыпты.

ДАУРЕНБЕК МҰҚАБАЕВ, АЛАКӨЛ АУДАНЫ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Туризм саласының ең қажетті тапсырмасы – Алакөлдің тазалық мәселесі. Осы негізде аудан әкімінің өкімімен Алакөл тазалық мекемесі құрылды. 49 штаттық несімен, 29 техниканы алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

← Все новости