Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Жаңғыртуға 1 трлн теңге жұмсалады

Елімізде энергетика мен коммуналдық саланы жаңғыртуға 1 трлн қаржы бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Оның сөзінше, ауқымды жөндеу жұмыстары биылдың өзінде басталып кетіпті. Жалпы, жыл соңына дейін 9 энергия блогы, 55 қазандық пен 51 турбина күрделі жөндеуге жабылады. Ұлттық жоба бойынша бас-аяғы 130 шақырым жылу желісі мен 10 мың электр желісін жаңғырту көзделген. Ал негізгі мақсат – желілердегі тозу мен шығындарды азайту және отандық өндірушілерді қолдау.

СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Энергетикалық және басқа да секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасын іске асыру жалғасып келеді. Ағымдағы жылы ұлттық жобамен 130 км жылу желісі мен 10 мың км-ден астам электр желісін жаңғырту көзделген. Үкімет резервінен 7 өңір үшін 25 млрд теңге бөлу алдын ала жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 3 өңірге тиісті қаражат бөлінді. Қалған өңірлерге жуық арада бөлінеді.

← Все новости