Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Әкімдіктің өртенген шатыры жаңаланады

Ақтөбенің өртке оранған әкімдігінің шатырын қалпына келтіру жұмыстары басталды. ((ВХОД)) Оған 90 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Ал мамандар әлі өрттің неден шыққанын анықтап жатыр екен. Ол үшін өрт-техникалық және электротехникалық сараптамалар тағайындалған. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру де жүріп жатыр екен.

ГҮЛБАҒДА КӨБЕЕВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Алдын ала бағалау бойынша жалпы материалдық шығын шамамен 90 миллион теңге. Қалпына келтіру жұмыстары Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар резерві есебінен қаржыландырылуда. Жағдай облыс әкімінің бақылауында. Ғимаратты қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар жоспарлы түрде қабылдануда.

Естеріңізге салсам, Ақтөбе облысының әкімдігі 7 сәуір күні кешқұрым өртке оранған еді. Ғимараттың шатырынан шыққан тілсіз жау 300 шаршы метр аумақты тып-типыл етті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам айтқан-тұғын.

← Все новости