Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Жас сарбаздар сынға түсті

Ақтөбедегі әскери-патриоттық сайыс мәресіне жетті. «Жас сарбаз» додасында 52 жасөспірім сынға түсті. Әлия Молдағұлованың ауылында өткен ақтық сынның алдында жастар әуелі қаһарман қыздың рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл қойды. Содан соң саптық дайындық және дене жаттығулары бойынша бақ сынады. Бұдан бөлек, квиз ұйымдастырылып, олардың білім деңгейі сараланды. Сайыс соңында үздік командалар мен қатысушылар марапатталды. Шараның мақсаты — жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру дейді осы іске ұйытқы болғандар.

МАРАТ ҚОЙЛЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жастарымыздың бойында қайсарлық пен жігерлілікті, намысты қалыптастыратындай осындай жиындар көбірек ұйымдастырылып тұруы керек. Елге деген сүйіспеншілігі бар, Отанға деген махаббаты бар жастардың бойында бұл қай уақытта туындайды? Олар міне осындай іс-шараларда, осындай қолға қару ұстап, небір алдына түскен кедергілерден өтіп шыққанда туындайды.

← Все новости