Сурдлимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына жалпы сомасы 5,5 миллиард теңге көлемінде сыйақы берілді.
Қаржылай қолдауға барлығы 32 спортшы мен 42 бапкер ие болған. Төлем мөлшері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген: алтын медаль иелеріне — 130 миллион, күміс жүлдегерлерге — 78 миллион, ал қола иегерлеріне — 39 миллион теңгеден берілді.
Сондай-ақ 4 — 6 орын алған спортшыларға 2,5 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін сыйақы қарастырылған.
Айта кетейік, 2025 жылы Токиода өткен Сурдлимпиадада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 9-орын алып, ел қоржынына 25 медаль салған.