Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Полицей ер адамды өрттен құтқарды

Атыраулық полицей қамсыз ұйықтап жатқан ер адамды бір ажалдан аман алып қалды. Таңғы жетілерде жұмыс бабымен кетіп бара жатқан тәртіп сақшысы жер үйден будақтаған түтін шығып жатқанын байқап, бірден көмекке ұмтылған. Алайда баспананың есігі құлыптаулы болыпты. Сол сәтте көршісі де көмекке келіп, екеулеп есікті бұзып, түтінге тұншыққан жанды сыртқа алып шыққан. Азаматтың жағдайы жақсы, медициналық көмекке жүгінбепті. Болжам бойынша, тілсіз жау жылыту жүйесіндегі ақаудан тұтанған көрінеді. Өрт шыққан кезде ол қалың ұйқыда жатқан екен.

← Все новости