Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Балабақшада өрт шықты

Түркістан облысындағы құтқарушылар аяқтарынан тік тұрды. Жетісай ауданының Әден ата ауылындағы балабақшада өрт шығып, ел-жұрттың зәресін алды. Асай-мүсейлерін асынып өрт сөндірушілер жеткенде қызыл жалын мекеменің шатырын шытырлатып жатыпты. Мамандар жанталасып жүріп тілсіз жауды ауыздықтады. Алайда оған дейін алау 244 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Абырой болғанда, ғимаратта балалар болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

← Все новости