1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңартылған Конституциялық өзгерістер күшіне енеді. Негізгі құжаттағы басты жаңашылдықтардың бірі — сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейтіп, төреліктің әділдігін арттыру. Конституцияда судьяларды тағайындау тәртібі нақты айқындалған. Сонымен қатар сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін жауапкершілік күшейтіліп, сот қызметіне заңсыз араласуға тосқауыл қоятын құқықтық кепілдіктер енгізілген. Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер сот билігінің шынайы дербестігін қамтамасыз етіп, халықтың заң үстемдігіне деген сенімін арттыра түспек.
ДИДАР ТЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Біз сотқа жүгінгенде әділ шешім болады деп үміттенеміз. Ал Конституцияда бекітілген қағидаттар енді жай ғана декларация емес, іс жүзінде орындала бастайды деген сенім мол. Біз судьялардың тәуелсіз екенін, олардың қызметі кез келген жағдаятқа қарамастан “Заң мен тәртіпке” негізделетінін айтамыз. Ата заңның сегізінші тарауында тайға таңба басқандай жазылған принциптер толық жүзеге асырылады. Сонымен қатар бүкіл сот жүйесінде “кінәсіздік презумпциясы” басты орынға шығарылмақ.
Адам тағдыры таразыға түскен сәтте әділдік пен заң үстемдігі бәрінен биік тұруы тиіс. Жаңа өзгерістердің негізгі мақсаты да осы. Реформа аясында істерді қарау мерзімін қысқарту, бюрократиялық кедергілерді азайту көзделіп отыр. Дегенмен сарапшылар оның нәтижесі қабылданған нормалардың іс жүзінде қалай орындалатынына байланысты болатынын айтады.
Бердібек Қарынбай