«Бурабай» ұлттық паркіне келгендер ешкімнен қорықпайтын құсты көріп, таң қалысты. Құрдың аналығын Шортанды шипажайында демалып жатқандар байқап қалыпты. Әдетте адамдарды көрсе үркетін құс бұл жолы қашпаған. Сөйтсе, әрең қозғалған оның аяғы жараланған екен. Бармашын орман шаруашылығынан келгендер құсты зообаққа әкеліп, ем-дом жасапты. Әбден оңалған соң табиғатқа жібереді.