Перейти к содержимому
· 12 просмотров

«Жас сарбаздар» халық әртісін қуантты

Балалар КСРО және Қазақстан халық әртісі Бибігүл Төлегенованы Жеңіс күнімен құттықтады. Мәншүк Мәметова атындағы шығармашылық ұжым мереке қарсаңында қазақтың бұлбұлының көңілін бір көтеріп тастады.

«Жас сарбаз» үйірмесінің оқушылары бұл кездесуге екі апта дайындалыпты. Әншінің өзі шырқайтын әндерін нақышына келтіріп орындады. Әсіресе, 4 жасар сарбаздың сыйы Халық әртісінің жүрегін елжіретті. Бибігүл Ахметқызы соғыс басталғанда небәрі 11 жаста болыпты. Буыны әлі беки қоймаса да, еңбекке ерте араласып, майдан аяқталғанша тылда тер төккен. Социалистік Еңбек Ері енді мұндай қанқұйлы соғыс болмаса екен деген тілегін жеткізді.

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Ешкім біздің басымызға ондайды көрсетпесін. Еліміз ондайды білмесін де. Енді бізбен сол бітсін. Біздің бала-шағамыз мәңгілік елімізде бақытты, қызықты, қуанышты өмір сүрсін. Мемлекетіміз аман болсын, жерімізде тыныштық болсын. Аспанымыз ашық болып, іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын.

← Все новости