Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Әлемде қауіпті жаңа вирус тарады

Соңғы демалыс. Алып лайнермен әлем елдерін аралауға шыққан жүздеген адам қауіпті індеттің ортасында қалды. Қазірдің өзінде хантавирустан 3 жолаушы көз жұмып, кесел жұқтырған тағы бірнеше шетелдік оқшауланыпты.

ЛАЙНЕР ЖОЛАУШЫСЫ:

Қазіргі уақытта біз лайнердің ішінде отырмыз. Бортта таралып жатқан вирус өте қорқынышты. Біз әрі қарай не істерімізді де білмейміз.

Дәрігерлердің сөзінше, індеттің негізгі қоздырғышы – кеміргіштер. Әу-баста хантавирус солардан таралыпты. Қазір круиздегі 150-ге жуық адам оқшауланып, медициналық тексерістен өткізіліп жатыр. Әзірге ауырғандардың басым бөлігі Оңтүстік Америкада тіркеліпті. Қазақстанда вирус жұқтырғандар жоқ. Дегенмен эпидемиологтар өзге елде жүргендер мен алдағы уақытта шетелге шығам деушілерге аса абай болған жөн дейді.

АЛЬБЕРТ АСҚАРОВ, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Хантавирустың алғашқы белгілері коронавирусқа қатты ұқсайды. Адамның дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, дем алуы қиындайды. Кейін бетінде, кеудесі мен мойнында бөртпелер пайда болуы мүмкін. Құдай бетін ары қылсын, әрине, бірақ қалай дегенмен де біздің дәрігерлер сақадай сай. Біз тұрғындарға шетелге шыққанда абай болып, жеке бас гигиенасын қатаң сақтауға шақырамыз.

← Все новости