Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Қазақстан мен Қытай медиа саласындағы байланысты нығайтады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қытайға жұмыс сапары аясында China Media Group басшылығымен кездесті. Жүздесу барысында еліміздегі мәдени-гуманитарлық реформалар мен цифрландыру саласындағы тың өзгерістер талқыланды. Ерлан Қарин ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асып жатқан мәдени-гуманитарлық реформаларға тоқталды. Сонымен қатар еліміздегі цифрландыру деңгейі мен жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы маңызды жұмыстарды таныстырды.

← Все новости