Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Австрия билігі қауіпсіздікті күшейтті

Австрия билігі «Еуровидение-2026» байқауына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті. Вена көшелері мен концерттік алаңдарда жүздеген полиция қызметкері мен арнайы құрылымдар кезекшілікте жүр. Сарапшылардың айтуынша, басты назар тек «Штадтхалле» аренасына ғана емес, трансляция жүретін ашық алаңдарға да аударылып отыр.

Мұндай сақтық бекерден-бекер емес. 2024 жылы Венада террорлық оқиғаға байланысты Тейлор Свифттің концерттері тоқтатылып еді. Содан сабақ алса керек. Еске сала кетейік, «Еуровидениенің» 70-ші мерейтойлық ресми ашылуы 10 мамырда басталды.

← Все новости