Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Олжас Бектенов Индонезия министрімен кездесті

Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық байланыс нығая түспек. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрімен кездесіп, екіжақты әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Онда сауда, инвестиция және түрлі салалардағы кооперацияны дамытуға басымдық берілді. Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өңдеу, білім беру және туризм салаларында өзара байланысты күшейтуге ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалану және халықаралық көлік дәліздері арқылы логистикалық бағыттарды дамыту мәселелері де сөз болды.

← Все новости