Перейти к содержимому
· 12 просмотров

Мемлекет басшысы Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін Президент Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады. Қызметіне жуырда келген шенеунік Мемлекет басшысына өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндады.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіндегі серпілістер сөз болды. Әсіресе дайын өнім жасауды өрістету жоспарына тоқталды. Нұрлыбек Нәлібаев энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистика мен құрылыс саласын дамыту керегін жеткізді. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев жобалардың сапасына баса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ алдағы жылу маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту керегін айтты.

← Все новости