Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Әжелер вальс биледі

Ақтөбеде Аналар күні кең көлемде аталып өтті. «Анаға тағзым» акциясы аясында жүздеген ақ жаулықты құрметке бөленді. Мерекелік шарада көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер және дарынды балалар тәрбиелеп отырғандар марапатталды. Жиналғандарды қала әкімі Азамат Бекет құттықтады. Кейін салтанатты кеш концерттік бағдарламаға жалғасты. Екі жүзден аса жас ана мен әжелерге гүл шоқтары беріліп, вальс биледі. Сонымен қатар көрмеде мемлекеттік грант алған кәсіпкер әйелдер өз өнімдерін таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар аналардың қоғамдағы рөлін айшықтап, отбасылық құндылықтарды сезіндіреді.

← Все новости